ШҚО-да жойқын дауыл тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырларын жұлып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 518.34
  • 607.18
+20 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да жойқын дауыл тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырларын жұлып кетті

ШҚО-да жойқын дауыл тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырларын жұлып кетті

Шығыс Қазақстан облысында бірқатар елді мекендерде екпіні секундына 5 метрден 19 метрге дейін жеткен күшті жел ғимараттардың шатырларын жұлып кетті.

  • 6 Қазан 2015
  • 439
Фото - Caravan.kz

Әзірге ТЖ қызметіне аймақтағы бес ауылдан 12 оқиға туралы мәлімет келіп түсті. Белқарағай ауылында жел бес тұрғын үйді, ал Көкбастау ауылында — төрт үйді шатырсыз қалдырған, Топқайың ауылында жекеменшік үйдің шатыры дауылға төтеп бере алмаған.


Бесүй және Ново-Поляковка ауылдарында қатты жел жалпы аумағы 430 шаршы метр болатын астық қоймасының шатырын жұлып кетті. Бұл қоймалар 2000 жылдардың басында салынып, екі жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен.