ШҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тауып, үшеуі аурухана жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+14 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тауып, үшеуі аурухана жатқызылды

ШҚО-да жол апатынан төрт адам қаза тауып, үшеуі аурухана жатқызылды

ШҚО полициясы Өскемен-Зырьян тас жолында болған көлік апатына қатысты қылмыстық іс қозғады. Жол апатынан 4 адам көз жұмған.

  • 25 Қыркүйек 2015
  • 436
Фото - Caravan.kz

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Тойота-Камри» мінген Қатонқарағай ауданының учаскелік инспекторы жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «ВАЗ-2106» көлігімен соқтығысқан.

Жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. «ВАЗ-2106» көлігінің тағы бір жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ Тойотаның жүргізушісі мен бір жолаушысы ауруханаға жатқызылған.

Жол-көлік апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, бірқатар сараптамалар тағайындалды.


Жол апатына кінәлі полиция қызметкері ұсталды. Қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешіліп жатыр, деп хабарлады облыстық ІІД.