Мақаншы-Алматы бағытына қатынайтын автобус ішінде 48 жолаушы отырыпты. 11 адам жарақат алып, емханаға жеткізілді. Олардың қатарында екі бала бар. Қалған жолаушылар өзге көлікпен қайта жөнелтілді. Құдай сақтап, адам шығыны болмаған. Әзірге жол апатының себебі анықталған жоқ. Оқиға орнында полиция қызыметкерлері жұмыс жүргізуде.
Loading...