ШҚО-дағы орманнан алып қақпан табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО-дағы орманнан алып қақпан табылды

ШҚО-дағы орманнан алып қақпан табылды

Шығыс Қазақстанда орман ішінен алып қақпан табылды. Қауіпті тұзақ Өскеменге жақын жердегі тоғайға орнатылыпты. Тұзақ аю аулауға арналғандықтан, оған түсіп қалған адамды да оңдырмайды дейді  мамандар.

  • 3 Қараша 2012
  • 474
Фото - Caravan.kz

Міне, қақпанның аузын бірнеше жігіт жабылып аша алмай жатырмыз. Енді адам түсіп қалса, жалғыз өзі босап шыға алмайды.

Қолдан жасалған темір қақпанның салмағы 20 келіден асса, ұзындығы 2 метрге жуықтайды. Алып қақпанды құруға жалғыз адамның шамасы келмейді, -дейді табиғатты қорғаушылар. Аң емес, адам көзіне үрейлі көрінетін тұзақ мұқият жасырылған. Мұндай қауіпті тұзақты орнатқан қаскөйге қатысты заң бойынша қылмыстық іс қозғалуы тиіс, бірақ оны табу екіталай. Сондықтан, алып қақпан бөлшектелініп, жойылатын болады.


Бауыржан Санбаев, ШҚО табиғатты қорғау басқармасы инспекторы:

— Инспекторымыз тауып алды, өзі түсіп қала жаздады сол қақпанға. Бұндай қақпан сатылымда болмайды. Кәдімгі машинаның ресорынан жасалған.

Соңғы жаңалықтар