Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Бұл ауданда туристік базалардың 100-ге жуығы орналасқанын, туризмді дамытуға таптырмас жер екенін де тілге тиек еткен. Осы жағдайға қатысты Алтай ауданының әкімдігі түсініктеме берді. Айтуларынша, қаздар мекен еткен арал ауылшаруашылығы мақсатында пайдалануға 1998 жылы сатылған. Кейін қожайынның өтінішімен экономикалық сот оны сауда мақсатында пайдалануға рұқсат беріп, жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрылған. Атқамінерлер аралдың сатылыуынан заңсыздық көріп тұрмағандай. Керісінше, жерді жемісті пайдалану үшін аралды дамытудың жоспарын ұсынса, қарастырамыз деп әңгімені жылы жапты.