Шри-Ланка Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шри-Ланка Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Шри-Ланка Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді

Шри-Ланка Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы бүгін елордада өткен брифинг барысында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

  • 19 Қараша 2012
  • 293
Фото - Caravan.kz

«ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен алдағы аптада, яғни 19-22 қараша аралығында Шри Ланка Президенті Махинта Раджапакс мемлекеттік сапармен келетін болады»,-деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, сапар барысында екі ел басшыларының саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі келіссөздері мен халықаралық саясат, энегетикалық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңінен пікір алмасулары жоспарланған.

«Келіссөздер қорытындысы бойынша Астанада туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім мен Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасы мен Цейлон ұлттық палатасы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады деп күтілуде»,-деді А. Әбибуллаев.

Перейти к новостям спорта