Шу алқабы енді тікұшақпен барланбақ; бір күнде 4 тоннадан астам марихуана тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шу алқабы  енді тікұшақпен барланбақ; бір күнде 4 тоннадан астам марихуана тәркіленді

Шу алқабы енді тікұшақпен барланбақ; бір күнде 4 тоннадан астам марихуана тәркіленді

Жамбыл облысында есірткінің шикізат көзі саналатын қара сора жинаушыларына қарсы шара басталды. Мамандардың айтуынша, биылғы күрес бұрынғы маусымдармен салыстырғанда ерекше деңгейдегі дайындықпен өтпек. Оған жергілікті ІІД аумақтық есірт­кіге қарсы күрес бөлімшесінің 300-ден астам қызметкерімен бірге өзге облыстардан қосымша 50-ден астам тәртіп сақшысы жұмылдырылып отыр. Сонымен қатар Шу алқабы бұрынғыдай көлікпен емес, тікұшақпен барланатын болады. Бұл шараның бірінші күнінде-ақ 4 тоннадан астам марихуана тәркіленген.     

  • 23 Маусым 2011
  • 473
Фото - Caravan.kz

Қара сора өсті. Демек Шу алқабын жағалайтын келімсектердің қаптайтын кезеңі басталды деген сөз. Оған жасақ күші де, тіпті полиция баптаған төбеттер де дайын болуы қажет.

Тілін түсінген адамға  төбет Саққұлақ қызметіне қазірдің өзінде әзір екенін жеткізіп тұрғандай. Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің өкілдері биылғы бақылаудың екі есеге күшейтілгенін айтады. Яғни бірнеше тікұшақпен жасақталған “Дельта-Долина” арнайы барлау құрамы Шу жағасын тәулік бойына бақылауда ұстамақ.   

Алтай Бошанов, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитеті төрағасының орынбасары:

— Бүгінгі күні Шу ауданына 50 қосымша қызмет күші келді,  алты  жаңа барлау бекеті іске қосылды.  Сондай-ақ бүгін кешке 4 мың 300 келі марихуана тәркіленді. Оның ішінде 14 келі героин.

“Адамнан айла аспайды” дегендей, жабайы шөпті шекарадан асырушылардың да жыл сайын тәсілдері түрлене түседі. Сондықтан техника құралдары да олардан қалыс қалмауы тиіс. Барлаушылардың тексеруін жеңілдететін  қондырғы рентген негізінде жұмыс істейді. Аппарат күніне 40-тан астам жүк көлігіне тексеру жүргізе алады.  


Анатолий Выборов, ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы: 

— Орта есеппен жылына Шу алқабынан 20-30 тоннаға дейін есірткі тәркіленеді. Әсіресе көкөніс, жеміс-жидек тасушы көліктер жасырын жолмен қара сораны алып кетуге тырысады.  Ал жақын маңдағы тұрғындар арбалап, қаптап тасиды.    

Барлаудың алғашқы кезеңі де көп ұзамай-ақ   ұрылардың алдын қолға түсірді. Қара сораны заңсыз орып жатқан  бір азамат көрші Қырғызстаннан келіпті. Айтуынша, Шу шөбін шөптеуге ол бірінші рет келіп тұрған жоқ.

Есірткі бизнесімен күресушілердің мәліметіне сүйенсек,  жыл басынан бері есірткіге қатысты 2419 қылмыс анықталған. Соның ішінде сату дерегімен-1265, ал сыртқа тасымалдау бойынша 35 іс әшкере болған. Қазан айына дейін жалғасатын барлау жұмыстары барысында әлі талайдың қақпанға түсері анық. 

Соңғы жаңалықтар