Шу алқабынан 1 тонна 100 келі есірткі дайындаған Алматы облысының азаматы ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шу алқабынан 1 тонна 100 келі есірткі дайындаған Алматы облысының азаматы ұсталды

Шу алқабынан 1 тонна 100 келі есірткі дайындаған Алматы облысының азаматы ұсталды

Шу алқабынан 1 тонна 100 келі есірткі дайындаған Алматы облысының азаматы ұсталды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифинг барысында Көліктегі орталық ішкі істер департаменті Есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Нариман Әбілқасенов мәлім етті.

  • 26 Шiлде 2011
  • 456
Фото - Caravan.kz

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Көліктегі орталық ішкі істер департаментінің қызмет көрсету учаскесінде «Кендір-2011» кең ауқымды жедел алдын алу операциясы өткізілуде. Іс-шара барысында, 21 шілде күні Көліктегі орталық ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Шу стансасы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері «Шу-Аспара» стансысының аралығында жабайы өсіп тұрған көкнәр аймағынан 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген азаматты ұстаған. «Ұсталған азаматтан салмағы 1 тонна 100 келі болатын кептірілген «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді», — деді ол.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қолға түскен азамат Шу стансасы желілік ішкі істер бөлімінің уақытша оқшаулау орнына қамалды.

Соңғы жаңалықтар