Шу аңғарында 200 килограмм марихуана өсірген Алматы тұрғыны ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шу аңғарында 200 килограмм марихуана өсірген Алматы тұрғыны ұсталды

Шу аңғарында 200 килограмм марихуана өсірген Алматы тұрғыны ұсталды

Шу аңғарында іске асырылған "Мак-2005" шұғыл алдын-алу шарасының барысында тәртіп сақшылары 200 килограмм марихуана өсірген Алматы тұрғынын ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ІІМ-нің есірткі саудасымен күрес комитетінің насихат және қоғамдық байланыстар бөлімінен хабарлады.

  • 5 Қыркүйек 2005
  • 334
Фото - Caravan.kz

Көліктегі оңтүстік шығыс ішкі істер департаменті есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлеріне қыркүйек айының басында Шу аңғарында бір Алматылық азаматтың ірі көлемде марихуана дайындап жатқанынан хабардар болды. Ақпаратты тексерген тәртіп сақшылары күдіктіні тәулік бойы бақылауға алады.

Кейінірек олар желілік ішкі істер басқармасы есірткі саудасымен күрес бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп есірткі саудагерін Шу темір жол бекетінде қылмыс үстінде қолға түсірді.
Тұтқын қылмысын мойындап, тергеуге жауап беруде.

Перейти к новостям спорта