Шу стансасында коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі қытайлық түнде пойыздан түсірілді - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шу стансасында коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі қытайлық түнде пойыздан түсірілді

Шу стансасында коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі қытайлық түнде пойыздан түсірілді

Жамбыл облысындағы Шу темір жол станциясында коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі Қытай азаматын пойыздан түсіріліп, ауруханаға жеткізілді.

  • 29 Қаңтар 2020
  • 626
Фото - Caravan.kz

Дәрігерлердің тексеруінен кейін, екі жолаушының дені сау екені анықталған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шу қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желіде Шу қаласының вокзалында коронавирус жұқтырды деген күдікпен пойыздың тоқтатылғаны туралы мәліметтер тараған. WhatsApp мессенджері арқылы куәгерлер оқиға орнында түсірілген суреттерді таратқан, онда дәрігерлер арнайы костюмдер киіп, пойызға қарай жүгірген. Шу қалалық орталық аудандық ауруханасының бас дәрігерінің мәліметінше, 29 қаңтарда Сарыағаш — Нұр-Сұлтан бағытында жүретін № 86 пойыздан түсірілген Қытай азаматтарынан ешқандай вирус белгілері анықталмаған. Сонымен қатар, арнай жасақ өкілдері пойыз жолаушыларын қарап шыққан, ешкімнен коронавирус анықталмаған. "Түшкірді деп күдік келтірген қытай азаматтары аудандық жұқпалы аурухана бөліміне жеткізілді. Азаматтарды тексеру нәтижесінде вирус белгілерінің жоқ екендігі анықталып отыр. Облыстық деңгейдегі эпидемиологтардың нәтижесі белгілі болғанша жағдай бақылауда болады. ​Ауданымызда қауіпті індеттің алдын алу үшін арнайы жабдықталған жедел жәрдем жұмыс жасайтындығын ескертеміз.​ Аудан тұрғындарының дүрлікпеуін сұраймыз", — делінген хабарламада. Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған. Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың саны 132-ге жетті.


Соңғы жаңалықтар