Шу тұрғыны үйінде аса ірі көлемде есірткі сақтаған - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шу тұрғыны үйінде аса ірі көлемде есірткі сақтаған

Шу тұрғыны үйінде аса ірі көлемде есірткі сақтаған

Жамбыл облысында Шу қаласының 41 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

  • 29 Қаңтар
  • 3
Фото: Polisia.kz

Ол есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындады және сақтады деп күдіктелуде, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ер адамның үйін және іргелес аумақтарды тінту кезінде есірткі қойылған бірнеше жасырын орындар анықталды.   

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, табылған заттар салмағы 2 келіден асатын гашиш және 23 грамнан астам кептірілген марихуана болып шықты.

Күдікті есірткіні әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы бола тұра бірге тұратын үйлерінде сақтаған. Есірткіні өңдегеннен кейін қалған қалдықтарын жақын жерде кішкентай балалар ойнап жүргеніне қарамастан, бақшасында өртеп жіберген. 

Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Перейти к новостям спорта