ШҰАА (ҚХР) белгісіз топ мейрамхананы өртеп және адамдарға шабуылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҰАА (ҚХР) белгісіз топ мейрамхананы өртеп және адамдарға шабуылдады

ШҰАА (ҚХР) белгісіз топ мейрамхананы өртеп және адамдарға шабуылдады

Қашғарда (ШҰАА, ҚХР) белгісіз қарулы топ көшедегілерге шабуыл жасады, деп Синьхуа хабарлады.

  • 1 Тамыз 2011
  • 528
Фото - Caravan.kz

«Шыңжаң ұйғар автономикалық ауданындағы (ШҰАА) Қашғар қаласында 30 шілдедегі түн ортасында көліктерді қиратып, көшедегілерге шабуылдаған соң, 31 шілдеде шамамен 16:00-де көшеде қарақшылар қайтадан бейбіт тұрғындарға пышақтармен шабыул жасаған», — деп жазады агенттік.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, «Қашғар қаласында 31 шілдеде 16:00 шамасында қарақшылар тобы Сянсе көшесіндегі мейрамханаға басып кіріп, мейрамхана иесі мен 1 таяшыны өлтіріп, одан кейін ғимаратты өртеп жіберген».

«Оқиға орнына полиция мен өрт сөндірушілер келген соң, қарақшылар көшеге шығып, адамдарды пышақтай бастаған. Соның нәтижесінде 4 адам қаза болып, 12 адам жарақаттанды. Полиция бандиттерге қарсы оқ атты. Олардың 4-еуі оқиға орнында қаза болып, біреуі ауруханада көз жұмып, 3 полицей жарақат алды. Қазір полицейлер жасырынып үлгерген күдіктілерді іздестіріп жатыр. Қашғардағы негізгі көшелердегі көлік қозғалысына шектеу қойылған», — делінген хабарда.

Қарақшыларды ұстау бойынша жүргізіліп жатқан операцияны басқарушының Синьхуа агенттігіне айтуынша, екі қарақшы әлі ұсталған жоқ, сондықтан қалада оларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар