Caravan Logo

ШҰАА (ҚХР) белгісіз топ мейрамхананы өртеп және адамдарға шабуылдады

ШҰАА (ҚХР) белгісіз топ мейрамхананы өртеп және адамдарға шабуылдады

«Шыңжаң ұйғар автономикалық ауданындағы (ШҰАА) Қашғар қаласында 30 шілдедегі түн ортасында көліктерді қиратып, көшедегілерге шабуылдаған соң, 31 шілдеде шамамен 16:00-де көшеде қарақшылар қайтадан бейбіт тұрғындарға пышақтармен шабыул жасаған», - деп жазады агенттік.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, «Қашғар қаласында 31 шілдеде 16:00 шамасында қарақшылар тобы Сянсе көшесіндегі мейрамханаға басып кіріп, мейрамхана иесі мен 1 таяшыны өлтіріп, одан кейін ғимаратты өртеп жіберген».

«Оқиға орнына полиция мен өрт сөндірушілер келген соң, қарақшылар көшеге шығып, адамдарды пышақтай бастаған. Соның нәтижесінде 4 адам қаза болып, 12 адам жарақаттанды. Полиция бандиттерге қарсы оқ атты. Олардың 4-еуі оқиға орнында қаза болып, біреуі ауруханада көз жұмып, 3 полицей жарақат алды. Қазір полицейлер жасырынып үлгерген күдіктілерді іздестіріп жатыр. Қашғардағы негізгі көшелердегі көлік қозғалысына шектеу қойылған», - делінген хабарда.

Қарақшыларды ұстау бойынша жүргізіліп жатқан операцияны басқарушының Синьхуа агенттігіне айтуынша, екі қарақшы әлі ұсталған жоқ, сондықтан қалада оларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.