19-шы ақпанда қалаға әкімшілік тұрғысынан тәуелді бір болыстықта шаруа қожалықтарындағы 275 бас шошқада аусыл жұқтырған деген күдік туындады. Бірақ олардың арасында өлген мал байқалмады. 24-ші ақпанда осы маңдағы шошқаларда О типіндегі аусыл барлығы расталды.
Эпидемия ошағы анықталған соң, олардың таралуына жол бермеу мақсатында 4 мыңдай шошқа сойылды. Қазіргі уақытта эпидемия бақылауға алынды деп хабарлады басылым.