Жарияланды: 630

Шұбаршиде қаза болған арнайы жасақ жауынгері Руслан Жолдыбаев наградаға ұсынылады

Шұбаршиде қаза болған арнайы жасақ жауынгері Руслан Жолдыбаев наградаға ұсынылады

1 шілдеде Ақтөбе облысының Шұбарши ауылында қылмыскерлермен болған қарулы атыс кезінде қаза тапқан арнайы жасақ жауынгері Руслан Жолдыбаев наградаға ұсынылады,

деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев агенттік тілшісіне. «Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкері, аға лейтенант Руслан Жолдыбаев 1 шілдеде Шұбарши ауылында күдіктілерді ұстау кезінде көрсеткен ерлігі үшін марапаттауға ұсынылады», - деді А.Иманғалиев сәрсенбі күні. Арнайы бөлімшенің бөлім командирі Бүркіт Сатаевтың айтуынша, Р. Жолдыбаев тапсырманы орындауға шыққан топтың құрамында жараланған жолдастары қауіпсіз жерге кетуі үшін оларды қорғап қалған. Атыс кезінде арнайы жасақ жауынгері санынан және шекесінен жарақат алған. Р.Жолдыбаевтың денесін көмекке шақырылған тәртіп сақшылары тауып алды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін