Шұбаршиде қаза болған арнайы жасақ жауынгері Руслан Жолдыбаев наградаға ұсынылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шұбаршиде қаза болған арнайы жасақ жауынгері Руслан Жолдыбаев наградаға ұсынылады

Шұбаршиде қаза болған арнайы жасақ жауынгері Руслан Жолдыбаев наградаға ұсынылады

1 шілдеде Ақтөбе облысының Шұбарши ауылында қылмыскерлермен болған қарулы атыс кезінде қаза тапқан арнайы жасақ жауынгері Руслан Жолдыбаев наградаға ұсынылады,

  • 13 Шiлде 2011
  • 613
Фото - Caravan.kz

деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиев агенттік тілшісіне.

«Арлан» арнайы бөлімшесінің қызметкері, аға лейтенант Руслан Жолдыбаев 1 шілдеде Шұбарши ауылында күдіктілерді ұстау кезінде көрсеткен ерлігі үшін марапаттауға ұсынылады», — деді А.Иманғалиев сәрсенбі күні.

Арнайы бөлімшенің бөлім командирі Бүркіт Сатаевтың айтуынша, Р. Жолдыбаев тапсырманы орындауға шыққан топтың құрамында жараланған жолдастары қауіпсіз жерге кетуі үшін оларды қорғап қалған.

Атыс кезінде арнайы жасақ жауынгері санынан және шекесінен жарақат алған. Р.Жолдыбаевтың денесін көмекке шақырылған тәртіп сақшылары тауып алды.

Соңғы жаңалықтар