Шұбаршы селосында мешітте білікті имамның жоқтығы жергілікті тұрғындар арасында дәстүрлі емес діни идеялардың таралуына ықпал еткен болу керек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шұбаршы селосында мешітте білікті имамның жоқтығы жергілікті тұрғындар арасында дәстүрлі емес діни идеялардың таралуына ықпал еткен болу керек

Шұбаршы селосында мешітте білікті имамның жоқтығы жергілікті тұрғындар арасында дәстүрлі емес діни идеялардың таралуына ықпал еткен болу керек

Полиция қызметкерлерін өлтіргендерді іздеу жөніндегі арнайы операция жүргізіліп отырған Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбаршы селосының мешітіне жаңа имам жіберіледі.

  • 8 Шiлде 2011
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Соңғы оқиғаларға байланысты біз имамдардың орындарын ауыстырмаймыз, бірақ Темір ауданында өзгерістер болады», деді жұмада «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасының облыстық өкілдігінен.

«Қазір бұл мәселе Алматыда шешілуде. Онда дұрыс кадр жібермек ойлары бар», деді ол.
Діни басқарманың баспасөз хатшысы Оңғар Өмірбектің айтуынша, Шұбаршыға мешіттің имамы ретінде сауатты маманды жіберу керек, оған әлеуметтік- тұрмыстық жағдай жасалуы шарт.
Оның айтуынша, селолық мешітте білікті кадрлардың болмауы салдарынан жергілікті тұрғындар дәстүрлі емес ислам қағидаларын таратушылардың жетегінде кетуі де ықтимал.
Алдында хабарланғандай, 1-шілдеге қараған түні Шұбаршыда біреулер полиция патруліне оқ атқан, алты адам іздестірілуге берілген.
Жергілікті БАҚ оларды өлтіруге исламдық радикалды «Салафия» ағымын жақтаушылардың ықпалы болуы ықтимал екендігін жоққа шығармайды.

Соңғы жаңалықтар