Шучьедегі үйлер жылу маусымына мүлдем дайын болмай шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 514.93
  • 536.04
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шучьедегі үйлер жылу маусымына мүлдем дайын болмай шықты

Шучьедегі үйлер жылу маусымына мүлдем дайын болмай шықты

Ақмола облысының Шучье қаласындағы үйлер жылу маусымына мүлдем дайын болмаған. Ал жергілікті басшылар күзде бәрі керемет деп еш тексеру жүргізбестен пәтер иелері кооперативінің есебін қабылдап алыпты. Енді соның зардабын көпқабатты 17 үйдің тұрғындары тартуда. Қыс қаһарына мінгелі мұндағы 300 адам азынаған пәтерлерінен пана таппай сенделіп жүр.

  • 25 Желтоқсан 2012
  • 309
Фото - Caravan.kz

Қыс қаһарына мінгелі пәтерлері бір жылынбаған жұрт бүгінге дейін талай басшыға шағымданған. Амалы таусылған тұрғындар ақыры аудан мен жауапты мекеме басшыларын бетпе-бет кездесуге шақырды. Алайда бұл жолы да шенділерден естігендері уәде ғана.

Дәрібала Құсайынова, Щучье қаласының тұрғыны:

— Ештеңеге сенген жоқпыз. Білмейміз не болатынын. Үйлеріміз ұлып тұр, 15 градус жылыту құрылғысымен. Жарыққа, жылуға төлейміз, сонда қайда бәрі барып жатыр?

Жылу беретін мекеме ғана емес, пәтер иелері кооперативінің де кінәсі бар екен. Өйткені, көпқабатты 17 үй жылу маусымына әзір болмаған. Құбырлар тозып, қондырғылар жылуды айдауға қауқарсыз болса да, үй жылыту маусымына дайын деп есеп беріпті. Осыны естігін тұрғындар салдыр-салақ коопертив төрағасын алып тастап, жаңасын сайлады. Бір қызығы, бұл үйлердің қысқа әзірліксіз қалғанын коммуналдық шаруашылық басшылары да білмеген.


Гүлмира Байғожина, Бурабай аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің бастығы:

— Жылуға әзір емес екенін білген жоқпын. Мен қыркүйек айынан бастап қана басқарып келемін. Бізге бәрі дайын деп есеп берді ғой. Қазір кінәлі адамды іздейміз.

Қазір барлығы сабылып, қақаған қыста жұртты жылусыз қалдырған кінәліні іздеп жатыр. Екі ортада тұрғын үйлерден бөлек, 1060 оқушысы бар мектеп те, балабақша да ұлып тұр.