Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі аймақтық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Шу қаласында 5 мамыр күні Жамбыл облысы ІІД «Дельта-Долина» ААЕБКБ және ІІД есірткі биснесімен күрес басқармасының мамандарының жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Шу ауданының 39 жастағы М тұрғыны ұсталды, одан жалпы салмағы 15,5 кг 16 наша түйіншегі табылды», — делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Белгілі болғандай, қамауға алу барысында М. Volkswagen Touareg маркалы көлігінде болды, көлік есігінің астыңғы жақтауында жасырын жерде есірткі заты бар түйіншектер жасырылған.
ІІД ақпараты бойынша, қылмыскер өзінің кінәсін мойындады және Шу АІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Бүгінде ҚР ҚК 296 бабы 4 бөлімі (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», — делінген хабарламада.