ШҰҒЫЛ: Бүгін Астанада Bushido FC чемпионы атағы үшін ережесіз жекпе-жектер өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҰҒЫЛ: Бүгін Астанада Bushido FC чемпионы атағы үшін ережесіз жекпе-жектер өтеді

ШҰҒЫЛ: Бүгін Астанада Bushido FC чемпионы атағы үшін ережесіз жекпе-жектер өтеді

Бүгін, Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде ҚР Президентінің Кубогы үшін аралас жекпе-жектен ММА Халықаралық Тунирі өтеді.

  • 8 Маусым 2012
  • 542
Фото - Caravan.kz

Бағдарламада: Alash-Pride KZ батырлары II Әлем Құрамасына қарсы.

Bushido FC чемпионы атағы үшін бірнеше жұп бақ таластыратын болады. Кештің басты жекпе-жегі Қазақстан балуаны Төлеген Ақылбеков пен АҚШ спортшысы vs Боп Сапптың арасында өтеді.

Кеше «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық кешенінде балуандардың салмағын өлшеу өткізілді. Шоумен, «Қаныпезер құбыжық» атанып кеткен Боб Сапптың таразыдағы салмағы 155 келі болса, Төлеген Ақылбековтікі одан 43 келіге кем болды.

Велотректе бұдан өзге тағы тоғыз жекпе-жек өтеді деп күтілуде. Алаңда кездесетіндердің арасында қазақстандық Ержан Естанов пен жапондық vs Shimuzi Shiniuzi; қазақстандық Қуат Хамитов пен ресейлік vs Сергей Голяев бар.

Ойындар кешкі сағат 19.00-де басталады. Ұйымдастырушы — Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігі.

Анықтама: «BushidoFCVol. 51 inAstana» Халықаралық турнирі Астанада алғаш өткізіліп отыр. Алаңда Америка, Ресей, Жапония, Түркия, Оңтүстік Корей, Молдова, Литва, Румыния және Қазақстанның сайыпқырандары кездеседі. Сонымен қатар турнирге құрметті қонақтар мен белгілі спортшылар қатысатын болады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера