ШҰҒЫЛ: Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Ресейді басып озды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҰҒЫЛ: Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Ресейді басып озды

ШҰҒЫЛ: Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Ресейді басып озды

Бүгін Дүниежүзілік экономикалық форум 2015-2016 жылдарға арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі Есепті жариялады.

  • 30 Қыркүйек 2015
  • 535
Фото - Caravan.kz

2015 жылдың қорытындылары бойынша бәсекеге қабілеттілік рейтингінде Қазақстан өзінің өткен жылғы орнын 8 тармаққа жақсартып, әлемнің 140 елі арасында 42-орынды иеленді.

Бұл — бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингіне қатысудың бүкіл тарихындағы Қазақстанның үздік нәтижесі.

Қазақстанның жалпы орта ұпайы 4,49 (2014 жылы 4,42) құрайды, бұл елге Польша (4,49) мен Италия (4,46) арасындағы рейтингтегі орнын қамтамасыз еткен.

ТМД елдерінің арасында Қазақстан Әзербайжаннан кейін (40-орын) екінші орында тұр. Ресей 45-орын, Грузия — 66-орын, Украина — 79-орын, Тәжікстан — 80-орын, Армения — 82-орын, Молдова — 84-орын, Қырғыз Республикасы — 102-орын алды.

Қазақстанның инновациялық даму факторы бойынша (78; +11) позицияларының айтарлықтай жақсаруы байқалады.  Инновациялар (72; +13) және Бизнестің бәсекеге қабілеттігі (79; +12) факторлары бойынша ілгерілеуге қол жеткізілді. Бұдан басқа, Қазақстан Институттар (50; +7) факторы бойынша және Қаржы нарығының дамуы (91; +7) факторы бойынша өз рейтингін жақсартты. Өткен жылмен салыстырғанда Еңбек нарығының тиімділігі (18; -3) факторы бойынша республиканың жайғасымы 3 тармаққа  төмендегенін атап өту керек.

114 индикаторы ішінде  73 индикатор бойынша жақсару, 30 индикатор бойынша төмендеу байқалады, 11 индикатор бойынша өзгерістер жоқ (Безгектің таралуы және Бизнеске безгектің әсер етуі секілді екі көрсеткіш бойынша Қазақстан малярияның әсерінен еркін елдер тізіміне енгізілді).


Ең елеулі оң өзгерістер Өнімін жаһандық үлестіруде жергілікті компаниялардың бақылауы (60; +31) индикаторы бойынша байқалады. Кеден баждары (73; +28), Монополияға қарсы саясаттың тиімділігі (68; +26), Кеден рәсімдерінің шығыстары (55; +22) және Ішкі нарықта өнім жеткізуші сапасы (88; +20) көрсеткіштері бойынша 20 жайғасымнан артық жақсаруға қол жеткізілді.

Бизнесте персоналды оқыту практикасының таралуы (76; -14) индикаторы бойынша елеулі төмендеу байқалады. Сонымен бірге Қазақстан Ауыл шаруашылығы саясатының шығыстары  (70; -13) және Венчурлық капиталдың қолжетімділігі  (59; -12) көрсеткіштері бойынша орындарын айтарлықтай жоғалтып алды.

Соңғы жаңалықтар