Орталық мамандары мейлінше ластанған жерлерде талдамаға сынамалар алып тексерді.
"Тексеру нәтижесінде гидробиологтар Шүлбі су қоймасы аймағында кеңінен таралған Anabaena және Nostoc тобына жататын жасыл және көгілдір түсті балдырлардың өсіп-өнуіне байланысты табиғи құбылыс болған деген қорытындыға келді. Бұл микроорганиздер улы болып табылмайды. Оқиға орнында адамдар мен жәндіктердің өмірі мен денсаулығына төніп тұрған қауіп-қатер анықталған жоқ. Бұл табиғатта "судың гүлденуі" деп аталатын құбылыс ", - деп хабарлайды гидрометеорология орталығындағылар.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 4 қазанда Семейдің Төтенше жағдайлар басқармасының кезекші бөліміне Шүлбі су қоймасында судың бетінде иісі жоқ жасыл түсті дақ пайда болды деген хабар келген болатын.