Швецияда Еуропада тұратын қазақтардың құрылтайы аяқталды; келесісі Данияда 2012 жылы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.39
  • 609.58
+25 °C
Алматы
2025 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Швецияда Еуропада тұратын қазақтардың құрылтайы аяқталды; келесісі Данияда 2012 жылы өтеді

Швецияда Еуропада тұратын қазақтардың құрылтайы аяқталды; келесісі Данияда 2012 жылы өтеді

Қазақстанның Швециядағы елшілігі еуропалық қазақтардың Вестерос қаласында өткен құрылтайының аяқталуына орайластырған қабылдау ұйымдастырды.

  • 13 Маусым 2011
  • 441
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан шетелдегі отандастарын қолдауға маңызды мән береді. Оның жарқын мысалы Астана өткен қазақтардың Дүниежүзілік құрылтайы. Онда елбасы шетелдерде тұратын қазақтар үшін отанымыздың есігі әр кез ашық деп мәлімдеген», — деп Ұлыбританиядағы әрі Швециядағы елшілікті қосарлана атқарушы елшіміз Қайрат Әбусеитов, қонақтарды қабылдауда сөйлеген сөзінде.

Қ, Әбусеитов Швецияда құрылтай өткізу шетелдердегі отандастарымыздың қамтылу географиясын кеңейтті деп атап өтті. Дипломат сондай-ақ, ел басшылығы шетелдердегі отандастарымызға «Самұрық-Қазына» қоры тарапынан пәрменді қолдау көрсету туралы шешім қабылдағанын атап өтті.

Еуропада тұрып жатқан қазақтардың жетекшісі мәлім еткендей, шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың келесі құрылтайы 2012-ші жылы Данияда өтеді.