Шведова мен Кинг жұбы US Open турнирінің ақтық сынында жеңіліс тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шведова мен Кинг жұбы US Open турнирінің ақтық сынында жеңіліс тапты

Шведова мен Кинг жұбы US Open турнирінің ақтық сынында жеңіліс тапты

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен америкалық Ванья Кинг жұбы АҚШ-та өтіп жатқан «Үлкен дулыға» сериясындағы турнирдің ақтық сынында америкалық теннисшілер Лизель Хубер мен Лиза Раймондқа жол берді, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

  • 12 Қыркүйек 2011
  • 472
Фото - Caravan.kz

Үш жарым сағатқа жалғасқан тартысты кездесуде отандасымыздың дуэті қарсыластарына 4:6, 7:6, 7:6 есебімен ұтылды. Жекелей сында бірде-бір доданы ұтып көрмеген, бірақ жұптық сында WTA турнирлерінің бас жүлделерін 45 рет қанжығаға байлаған Хубер, US Open турнирін осымен екінші рет бағындырып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Шведова мен Кинг жұма күні өткен ширек финалдық кездесуде ресейлік Мария Кириленко мен Надя Петрова жұбын үш сетте — 7:6, 2:6, 6:3 есебімен ұтып, екінші рет турнирдің ақтық сынына жолдама алған болатын. Былтыр олар жұптасып өнер көрсетуде чемпиондық атаққа қол жеткізген еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера