Шведова мен Воскобоева Кремль кубогі турнирінің ширек финалына жолдама алды - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шведова мен Воскобоева Кремль кубогі турнирінің ширек финалына жолдама алды

Шведова мен Воскобоева Кремль кубогі турнирінің ширек финалына жолдама алды

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова американдық Вания Кингпен жұптасып, Кремль кубогі турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

  • 20 Қазан 2011
  • 410
Фото - Caravan.kz

Сәрсенбі күні болған матчта олар Мария Кондратьева және Петра Мартич жұбын — 6:2, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Ширек финалдық кездесуде оларға қарсы Виталия Дьяченко мен Елена Веснина жұбы қарсы ойнайды.

Аталмыш топта тағы бір отандасымыз Галина Воскобоева Австралия теннисшісі Анастасия Родионовамен бірге жұптасып, бүгін бірінші айналымда Алена Бондаренко және Ольга Савчук украиналық дуэтін — 6:0, 6:4 есебімен жеңді. Осылайша ширек финалға өткен жерлесіміз енді келесі матчта Ализе Корне (Франция) және Алисия Росольска (Польша) жұбына қарсы тұрады.

Кремль кубогі турнирі 1990 жылдан бері Ресей астанасында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Оның ақшалай жүлде қоры бүгінде 1,5 млн. АҚШ долларынан асып жығылады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера