Шведова жұптық сында Токио турнирінің жартылай финалына өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шведова жұптық сында Токио турнирінің жартылай финалына өтті

Шведова жұптық сында Токио турнирінің жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші Я.Шведова американдық В.Кингпен жұптасып, Жапонияда өтіп жатқан «Toray Pan Pacific Open» турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

  • 29 Қыркүйек 2011
  • 313
Фото - Caravan.kz

Аталмыш турнир 1984 жылдан бері Жапония астанасында өткізіліп келеді. Оның жүлде қоры — 2 миллион 50 мың АҚШ долларын құрайды. Шведова жарақатына байланысты бұл турнирде жекелей сыннан бас тартқан болатын. Ал жұптық сында ол өзінің бағын сынауға бел шешіп, бұрыңғы әріптесі америкалық В. Кингпен бірге корт алаңына шықты. Бүгін, бейсенбіде Шведова мен Кинг ширек финалда Натали Грандин (ЮАР) мен Владимира Ухлирова (Чехия) жұбын 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Олардың жартылайфиналдық қарсыластары Гизела Дулко мен Флавия Пеннетта дуэті атанып отыр. Олар өз кезегінде ширек финалда Ирина Бегу (Румыния) және Анастасия Родионова (Австралия) жұбын 6:1, 6:1 есебімен ойсыратқан болатын.

Жартылай финалға шыққан Шведова мен Кинг өздеріне турнирдің 32 350 АҚШ доллар сыйақысы мен WTA рейтингісінде 395 ұпайын қамтамасыз етті.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера