Швейцарияда шоколад жасаудың жаңа әдісін ойлап тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 479.38
  • 531.63
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Швейцарияда шоколад жасаудың жаңа әдісін ойлап тапты

Швейцарияда шоколад жасаудың жаңа әдісін ойлап тапты

Швейцарияның тамақтану мәселелері жөніндегі ғалымдар шоколадты жасаудың жаңа әдісін ойлап тапты. Онда тек бұршақ емес, бүкіл какао жемісі қолданылады, қант қосылмайды

  • 29 Тамыз
  • 12
Фото: ingimage/vostock-photo

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Цюрихтің ең беделді Федералдық технологиялық институтында Ким Мишра бастаған ғалымдар тобы әзірлеген шоколад құрамында какао жемістерінің жұмсағы, шырыны және эндокарпий (тұқым айналасындағы қабат) бар. Бұл процесс қазірдің өзінде экологиялық тұрақты азық-түлік шығаратын компаниялар назарын аударды.

Олар дәстүрлі шоколад өндірісінде тек бұршақты пайдаланған кезде жемістің кішкентай асқабақтың өлшеміндей қоректік заттарға толы қалған бөліктері егістікте шіріп кететінін түсіндірді. Шоколадтың жаңа түрін жасаудың құпиясы – какао жемісінің өте тәтті шырынында. Әзірлеуші Ким Мишраның айтуынша, оның жарқын, ананасқа ұқсайтын дәмі бар.

Құрамында 14% қант бар бұл шырын жоғары қоюланған шәрбат түзу үшін айдау процесінен өтеді. Содан кейін бұл шәрбатты жеміс жеміс жұмсағымен араластырып, кептірілген эндокарпий қосады. Осылайша, процесті мүмкіндігінше экологиялық таза етеді, яғни жемістің бір бөлігі ысырап болмайды. Нәтижесінде өте тәтті және қою какао желе жасалады. Шоколад жасау үшін какао бұршақтарымен біріктірілген кезде бұл желе қант ретінде әрекет етеді, яғни қосымша тәттілендіргіштерді пайдаланудың қажеті жоқ.

Мишра оның өнертабысы швейцариялық шоколад өндірушілер мақтан тұтқан инновациялардың ұзақ желісін жалғастырады деп санайды. ХІХ ғасырда атақты «шоколадты» Линдттер отбасынан шыққан Рудольф Линдт күтпеген жерден шоколадты «конширлеудің» (какао массасын белсенді және ұзақ араластыру) негізгі кезеңін ойлап тапты. Ол түнде миксерді өшіруді ұмытып кетті, нәтижесінде таңертең дәмді тегіс және тәтті шоколад пайда болды.

«Белгілі бір өнімдердің өндірісін табысты дамыту үшін инновация қажет. Немесе кәдімгі, орташа шоколад аласыз», — деді Мишра.

Мишраның жобадағы серіктесі KOA – экологиялық тұрақты какао шаруашылығына бағытталған швейцариялық стартап болды. Оның негізін қалаушы Аниан Шрайбердің пікірінше, бүкіл какао жемісін пайдалану саланың какао бұршақтары бағасының көтерілуінен бастап фермерлер кедейлігі мәселелерін шешуге көмектеседі.