Швейцария Қазақстанда елшілік ашу мүмкіндігін қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Швейцария Қазақстанда елшілік ашу мүмкіндігін қарастыруда

Швейцария Қазақстанда елшілік ашу мүмкіндігін қарастыруда

АСТАНА. 14-қараша. Kazakhstan Today. Швейцария келешекте Қазақстанда елшілік ашу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы Швейцария СІМ мемлекеттік хатшысының орынбасары Антон Тельман кеше Берн қаласында ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары Рахат Әлиевпен кездесуде құлағдар етті.

  • 14 Қараша 2006
  • 433
Фото - Caravan.kz

«Швейцария елдің екпінді дамуы мен өңірдегі ролінін күшею факторларын ескеру негізінде Қазақстанмен арадағы қарым-қатынаты жан-жақты тереңдете түсуден мүдделі. Осыған байланысты Берн елдегі дипломатиялық деңгейін көтеру, келешекте Қазақстанда елшілік ашу мүмкіндігін қарастыруда», деген А.Тельманның сөзіне еліміздің СІМ өз хабарламасында сілтеме жасайды.

Бернде өткен консультациялардың барысында екі елдің сыртқы істер министрліктері Қазақстан мен Швейцария арасындағы саяси және экономикалық ынтымақтастықтың деңгейін жоғары бағалап, халықаралық өзекті проблемалар кешені бойынша екі елдің ұстаным-көзқарасы бірдей екенін атап өтті.

Бұған қоса келіссөздерде екі жақты ынтымақтың басым бағыттары, соның ішінде сауда-экономика, көші-қон, қоршаған ортаны қорғау, көпжақты институттар шеңберіндегі ықпалдастық жайы талқыланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта