Швейцария Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағасы болу туралы бастамасын қолдайтынын тағы бір мәрте растады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Швейцария Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының  төрағасы болу туралы бастамасын қолдайтынын тағы бір мәрте растады

Швейцария Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағасы болу туралы бастамасын қолдайтынын тағы бір мәрте растады

АСТАНА. 14-қараша. Kazakhstan Today. Швейцария Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының төрағасы болу туралы бастамасын қолдайтынын тағы бір мәрте растады. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 14 Қараша 2006
  • 341
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның 2009-жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төраға болу мәселесіне Швейцария мен Қазақстан сыртқы істер министрліктерінің кеше Бернде өткен консультацияларында баса назар аударылды. Оған қатысқан еліміздің өкілдерін ҚР СІМ-нің бірінші орынбасары Рахат Әлиев басқарды.

Швейцария жағы Қазақстанның кандидатурасын қолдау тұрғысында ұйымға мүше елдердің бір пікірге келуіне қол жеткізу қажет деп пайымдайды.

Келіссөздер барысында атап көрсетілгеніндей, Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалардың оң нәтижелері, демократиялық институттардың құрылуы, ұлтаралық келісім мен діни төзімділікке қол жеткізілуі баса көңіл бөлуге тұрарлық жетістіктер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта