Швейцарияда қабырғасы, төбесі жоқ қонақ үй ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Швейцарияда қабырғасы, төбесі жоқ қонақ үй ашылды

Швейцарияда қабырғасы, төбесі жоқ қонақ үй ашылды

Ашық аспан астындағы қонақ үйге бір түн қонып шығу үшін 102 мың теңге немесе 295 доллар төлейсіз

  • 9 Тамыз 2018
  • 23
Фото - Caravan.kz

Швейцарияның Тоггенбург округінде қабырғасы, төбесі жоқ қонақ үй ашылды, деп хабарлайды РИА Новости Design Boom басылымына сілтеме жасап.

Жаңа қонақ үйде небәрі үш бөлме бар, яғни ашық аспан астында өте әдемі әрі бағалы кереуеттер қойылған. Келушілер шам, бір шыныаяқ кофе, таңғы ас және алкогольсіз сусындармен қамтамасыз етіледі.

Сонымен бірге арнайы қызметші таңғы ас әкеліп, ауа райы қолайсыз болса, басқа жерге орналасуға көмектеседі. Бұл қонақ үйдің бір бөлмесі 102 мың теңге (295 доллар) тұрады.


Бір қызығы, қонақ үй ашылған бойда кең танымалдыққа ие болып, сұраныс көп түсіп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар