Швейцарияда жыл сайын жаңа президент сайланады
Әлемнің президенттік жүйедегі елдерінің мемлекет басшыларының қызмет атқару мерзімі әртүрлі. |
Олардың ең кемі бір жылдан басталса, ең ұзағы жеті жылға дейін созылады. Жыл сайын жаңа президент сайлап отыратын елдер де бар. Солардың бірі - Швейцария, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.
Еуропадағы ең тұрақты ел атанып кеткен Швейцария тұрғындары жыл сайын демократиялық жолмен дауыс беру үшін сайлауға барады. АҚШ, Чили, Бразилия, Аргентина сияқты елдерде төрт жыл сайын президенттік сайлау болып отырады. Ал Венесуэла мемлекеті алты жыл сайын ауыстырады. Дегенмен бұл елде президент болған адам өз кандидатурасын келесі сайлауларға да шектеусіз ұсына алады. ТМД мемлекеттерінің көпшілігінде бес жыл салып мемлекет басшыларын анықтайды. 2007 жылдан бастап Қазақстанда да жеті жылдан бес жылға дейін қысқартылды. Парламенттік елдердің бірі Италияда президент жеті жылға сайланады екен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін