Швейцариялық басылым «Базельдің» «Тобылға» жол беруіне бас қазыны кінәлады - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Швейцариялық басылым «Базельдің» «Тобылға» жол беруіне бас қазыны кінәлады

Швейцариялық басылым «Базельдің» «Тобылға» жол беруіне бас қазыны кінәлады

Швейцариялық Blick басылымы Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі «Тобыл» - «Базель» матчында кім үздік, кім нашар болғанын атады. 

  • 4 Тамыз 2023
  • 96
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанайлықтар «Базельден» өз алаңында 1:2 есебімен жеңілген. Бірақ екі матч қорытындысы бойынша 4:3 есебімен жеңген болатын.

«Үздік ойыншы – Серж Дебле. «Тобыл» шабуылшысы жиі қауіп төндірді, маңдайшаға тиді, пенальти тепкенде де жүйкесі сыр бермеді. Ивуар бірінші матчта да гол соққан. Ал ең нашар кім болды – бұл төреші Милош Миланович пен оның бригадасы. «Базель» футболшысы қолмен ойнады деп пенальти беру – сәтсіз қалжың! Доп Ван Бременнің қолына өте жақын қашықтан тиді», — деп жазды Blick басылымы.