Алдағы екі жылға жоспарланған қызметкерлерінің 16 пайызын кезең-кезеңімен қысқарту банкке 3,6 миллиард доллар қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді деп пайымдалуда.
Қаржы дағдарысы кезінде банк 42 млрд. доллар қаржысынан айырылды, банкроттықтан құтылу үшін швейцарлық үкіметтің материалдық көмегіне жүгінуге тура келді. 2011 жылы банк алаяқтық жасады және есепті шатастырды деп айыпталып отыған өзінің қызметкері Квеку Адоболидің әрекеттерінің кесірінен қосымша 2,1 миллиард доллар шығынға ұшырады.