Шыдай алмадым: Әбдіжаппар Әлқожа өнерге келмес бұрын кондуктор болып жұмыс істеген - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шыдай алмадым: Әбдіжаппар Әлқожа өнерге келмес бұрын кондуктор болып жұмыс істеген

Шыдай алмадым: Әбдіжаппар Әлқожа өнерге келмес бұрын кондуктор болып жұмыс істеген

Әбдіжаппар Әлқожа әншілікке келмес бұрын қара жұмыстың неше түрін істеген.

  • 12 Маусым 2018
  • 61
Фото - Caravan.kz

Бозбала кезінде Алматыға келген әнші базарда ұялы телефон жөндеп, тіпті, автобуста кондуктордың қызметін атқарған. Басынан өткен қиын күндері жайлы Әбдіжаппар Марал Сатқанғалиеваның “Сенбілік серуен” бағдарламасында баяндады, деп жазады Stan.kz.

“Алматы расы керек, керемет қала ғой. Алматыда жақсы да, жаман да адам бар. Қаталдық та, зұлымдық та, жақсылық та, береке де, мереке де бар. 2006 жылы келдім бұл қалаға. 2008 жылы студент болдым. Роза әпкемнің үйінде бір ай тұрып, сосын өзім жеке шығып кеттім. Жалдамалы пәтерде тұратын ағамның қасына көшіп бардым. Ол да бойдақ, өзінің жұмысы бар”, – деген Әбдіжаппар күн көру үшін жұмыс істеуге мәжбүр болғанын жасырмады.

“Оқып жүріп, жұмыс істеу қиын болды. Көк базарға шығып, кейіннен ұялы телефон жөндедім. Оның алдында №11 автобуста кондуктор болып жұмыс істегенмін. Бірақ оған шыдай алмадым. Ерте тұру керек. Мен деген ұйқысы қатты адаммын. Бір апта істеп, шығып кеттім. Күндіз телефон жөндеп, кешке асаба боп тойға шығатын кездер де болған. Тойда көрген адамдар базардан да көреді. Оларға: “Қосымша жұмыс, үндемеңіздер”, – деп қоямын. Жұмыс істеймін деп сабаққа да көңіл бөлмей кеткен кезім болды. Бірақ соның арқасында ақша жинадым. Ол кезде Роза әпкеме қатты жақындай бермейтінмін. Асабалықпен ақша жинап жүріп бейнебаян түсірдік. Роза әпкем әндерін берді”, – дейді өнер иесі.

Әбдіжаппар соңғы рет 2015 жылы той жүргізгенін айтады. Алайда әншілікке біржола бет бұруды қалаған ол бұл кәсібін ойланбастан тастап кеткен. Бір жағы, өнердегі ағалары “екі кеменің басын ұстаған суға кетеді”, деп ақыл айтқан көрінеді.


“Той жүргізсем, бір адамдай жүргіземін. Бір әулеттің мақтанышы бола аламын. Бірақ әншілік басым болып тұр. Әркім өзіне лайықты дүниемен айналысу керек”, – деп түсіндірді ол.

Соңғы жаңалықтар