Шыдамым таусылды: Сәуле Әбілдаханқызы өзіне жала жапқан блогерді сотқа берді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шыдамым таусылды: Сәуле Әбілдаханқызы өзіне жала жапқан блогерді сотқа берді

Шыдамым таусылды: Сәуле Әбілдаханқызы өзіне жала жапқан блогерді сотқа берді

Белгілі журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзіне жала жапқан блогерді сотқа бергенін айтты.

  • 10 Тамыз 2021
  • 4566
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Бану!

Маған "кибертеррорист" деп айдар тағатындай нақты дәлеліңіз бар ма?

Ойпырым-ай… бұға берсең сұға беретін түрлері бар ғой. Мен бұлардың беделіне нұқсан келмесін деп осы кезге дейін үндемей келдім! Шыдамым таусылды!

Түркістан Облысының Полиция Департаментінің назарына! Мына азаматшаның мені әлеуметтік желіде "кибертеррорист" деп айыптағаны үшін шара қолдануларыңызды сұраймын!

P.S : Мені негізсіз жала жауып айыптаған блогерсымақтардың барлықтарыңның құлақтарыңа алтын сырға. Істің ақ-қарасын анықтамай жатып әлеуметтік желіде айыптаған әр сөйлемдерің үшін заң алдында жауап бересіңдер! "Айттып-айтып халық алдында масқаралап тастадым, болды" деп отырсыңдар ма? А.ларыңның басы. Менің юристтерім барлық қажетті процедураларды жасап сотқа берді! Қағаз күтіңдер! Әлеуметтік желіде сасып аласыңдар да, бір нәрсе деп жауап берсе, өле қаласыңдар. Енді заң аясында ғана сөйлесеміз!

"Самозащита", "самооборона" деген бұл жерде де бар. Мен өздігімнен ешкімге бірінші болып соқтықпаймын. Әркез өздері тиіскенде ғана, шыдамның шегі жеткенде жауап беремін! Қарсы тараптың жауабын көтере алмайсыңдар ма — соқтықпай, тимей, жайларыңа жүріңдер!!!


Үндемеген сайын үдеп барасыңдар ғой! "Адамның басы — Алланың добы". Менің басым сендердің доптарың емес!!!

Сенің құрбың да ватсапта 100 смс, фбда бес пост, он коммент жазып бастаған өзі еді!

Енді мен айтамын!!!

Тергеуден шаршап үйге қазір кеп отырмын, достар! Ертең фактілерді алдарыңызға жайып саламын!", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.