Шығармашылық қолөнер гипербелсенді балалардың дұрыс дамуына оң әсер етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 Шығармашылық қолөнер гипербелсенді балалардың дұрыс дамуына оң әсер етеді

Шығармашылық қолөнер гипербелсенді балалардың дұрыс дамуына оң әсер етеді

Бұған қоса қолөнер әр баланың моторикасының, яғни саусақ ұштарындағы нерв талшықтарына жағымды әсер береді.

  • 13 Наурыз 2019
  • 272
Фото - Caravan.kz

Алматы қаласында орналасқан Оқушылар сарайындағы «Қолөнер» үйірмесінің ұстазы Раушан Болатова балаларды қолөнерге дайындаудың қыр-сырын Caravan.kz медиа-порталының тілшісімен бөлісті.

— Қолөнерге қалай үйретіп жатырсыздар, қандай әдістер қолданасыздар?

— Оқушылар сарайында қолөнер үйірмесін жүргіземін. Оқушылар өздері айтқан кезден бастап қабылдай береміз. Бізде ақылы топтар мен ақысыз тегін топтар да бар. Енді менің өзімнің үйірмемде қандай техникамен жұмыс істейді дегенде, мысалы қағазбен оригами техникасы дейді бүктеу арқылы түрлі бұйымдар жасаймыз. Бұған қоса моншақ тоқу техникасы бар. Моншақ тоқығанда біз көбіне ұсақ моншақтармен тоқимыз. Тіпті қазір түрлі байқауларға қатысып, өзіміз жасаған бұйымдарды көрсетіп жүрміз. Енді майда моншақпен Оқушылар сарайында күзде жылда байқаулар өтеді, соған қатысамыз. Күздің кезінде «тал гүлдері» байқауы болады. Сан мәрте жүлделі орындар иелендік. Біздің оқушылар екінші, үшінші орындар алды. Енді наурыздың 25-і күні «Көктем вальсі» деген көрме өтеді. Онда тек қана моншақтан жасалған гүлдер көрмесі болады. Соған қазір біз дайындық жасап жатырмыз. Оған да қатысамыз. Сондай-ақ бізде осындай өнерге арналған арнайы жұмсақ қағаздар болады. Жақында ғана 8 наурыз мерекесі өтіп кетті ғой, онда да біз қағаздан гүл шоқтарын жасап көрсеттік. Балалар аналарына сыйлықтар жасап, үйілеріне алып барды. Пошталық хат жасаймыз және де Филинг техникасы деген бар. Яғни жіңішке кесілген қағаздарды орап, түрлі бұйымдар жасалынады. Пано жасалады, жәндіктер жасалады.Әр баланың жас ерекшелігіне байланысты, қабілетіне байланысты тапсырмалар береміз. Сол тапсырмаларды орындайды. Өзінің қабілеті жоғары болса қиындау тапсырмалар береміз. Әр техниканың өзінің күрделі түрі де, оңай тәсілдері де болады. Себебі әр баланы жасы әр түрлі ғой. Үлкені де, кішісі де болады соған сай тапсырмалар болады.

— Жалпы қай техника меңгеруі қиын, күрделі түріне жатады?

— Негізі әр техниканың өзінің күрделі тұстары болады. Мысалы, жай суретті салса да қаламмен салса да күрделі суреттер бар ғой. Яғни салуға оңай жеңіл суреттер де болады. Сол сияқты графиканың да, тігістердің де әр түрі болады. Бір сөзбен айтқанда кез келген техниканың оңайы да бар, жеңілі де бар, қиыны да бар.

— Қазір кезде балалардың үйрмелерге келуі, қызығушылығы қандай деңгейде?

— Қазір жақсы, балалар көп келеді. Тіпті үзбей келетін оқушылар да бар. Арасында болады, бастайды да қызығушылығы болмай тастайтын немесе уақыты болмай қалырып кететін сәттер болады. Кейде басқа мектепке ауысып кететін кездер бар. Сол себепті тастап кетіп жатады. Себептері әр түрлі. Ал жалпы үзбей келетін оқушылар өте көп. Балалар әр затты дүкеннен сатып алғаннан көрі өздері жасап шығарғанды жақсы көреді.

— Ал өзінің қызығушылығы бар, бірақ қабілеті жетпей жататын балалар бола ма, ондай жағдайда не істейсіздер?

— Менің жұмыс істеп жатқаныма бірталай жыл болды. Түрлі түрлі балар келеді. Кейде баланың қызығушылығы болмаса да ата-анасы қатыссын деп алып келеді. Қатыссын, үйренсін дейді. Бірақ бала басында қызықпайды да, артынан айналасындағы бұйым жасап жатқан балаларға қарайды да, уақыт өте өздері де қызығып кететіндер бар. Енді кейде мүлдем қызықпайтын, жасамайтын балалар да болады. Олардың біреуі спортқа бейім болады, біреуі суретке бейім болады. Ондай балалар кейін түсініп, өздері ауысып кетеді. Әр түрлі себептері болады. Қатып қалған дүние болмайды.

— Ал егер қызығушылығы болмаса басқа үйірмелерге бағыттауға тырысаздар ғой?

Енді бала келген соң біз қайта барлық өнерімізді салып, сол баланың қатысқанын қалап тұрамыз. Бірақ кішкентай кезінде баланың қызығушылығы көп болады. Біз енді әр түрлі тәсілмен жұмыс істейміз ғой.Жалықтырмауға тырысамыз. Кейде тақырыптан тыс кетсек те балаға басқа тапсырма беріп қызықтыруға тырысамыз. Балалар өздері сұранады, мысалы мынаны жасамаймын, тіккенді жақсы көрем дейді. Ондайда қосымша тапсырма беріп, өзгертіп қызықтырып қоямыз. Бірақ жалпы біз тақырыптан ауытқып кетпей бәрімен бірдей жұмыс жасауға талпынамыз. Арасында тек кейбір жағдайлар болмаса.

— Жалпы шығармашылық үйірмелер, өздеріңіздікі сияқты қолөнер үйірмесі балаларға қандай пайда тигізеді?

— Біріншіден қолдың моторикасы дамиды. Нерв талшықтарының көбі саусақ ұшында дейді ғой негізі. Мәселен, үйде мүлем ине ұстамайтын, мүлдем қолөнермен айналыспайтындар да көп қой. Сонықтан, біріншіден денсаулыққа пайдалы. Тіпті кез келген уақытта түймесін таға қалса да, кез келген сыйлықты жасай салса да қолынан бәрі келеді. Шығармашылықтың, қолөнердің зияны жоқ. Біреулер соны түбінде мамандық етіп алады. Біреу шебер болып кетеді. Енді біреуі архитектуралық жағына да барып жатады. Әсіресе сурет өнері жағына барып жүргендер. Сол сияқты біреу тігінші болады. Пайдасы, бағыттары көп. Көп жағынан оң әсер етеді. Сабағына, сосын гипербелсенді балалар болады ғой, ата-аналар сондай балаларды да әкеліп жатады. «Отыру деген жоқ»,- деп ата-аналардың өздері ұсынады. Осы жер әсер ететін шығар деп үміттеніп келеді. Сонда ол бала ана моншақпен, қағазбен қызықса расында да отырып қалады. Өйткені оны бастайды да бітіру керек қой. Алқа жасайды, басқа нәрсе жасайды. Көбіне үйірмеге келген балалар сыйлықты ойлап тұрады. Мен осыны жасасам апайыма сыйлаймын, анама беремін, апама туған күніне тарту етемін деген ой тұрады. Бала өзінің қолымен жасағанды қалап тұрады. Біреулер айтады, оны өз қолыммен жасап, кейін сатамын дейді. Сонда ары қарай қалай ақша табудың жолдарын ойлап тұрады. Білезік жасаймын, сырға жасаймын дейді. Үйде тағы да жасаймын осыған қарап дейді. Сонда шығармашылығы да ары қарай дами береді.

— Өзіңіз осы іспен қашаннан бері айналысып келесіз, бұл өнерге қашан келдіңіз?

— Мен енді Алматыдағы Оқушылар сарайында 2017 жылдан бері қосымша білім саласында жұмыс істеп жатырмын. Ал жалпы ұстаздық еңбек өтілім 30 жылдан асып кетті. Ал жалпы өнерге сонау балалық шақтан бері қызыушылық болды. Менде осы балалар секілді қызығудан бастаған болатынмын. Енді қазір бар білетінімді осы кішкентай балаларға үйретуге тырысып жатқан жайым бар.

Соңғы жаңалықтар