Шығын - триллилон теңге. Шпекбаев жасырынып жүрген қазақстандықтар жайлы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығын - триллилон теңге. Шпекбаев жасырынып жүрген қазақстандықтар жайлы айтты

Шығын - триллилон теңге. Шпекбаев жасырынып жүрген қазақстандықтар жайлы айтты

Мемлекетке ақша жымқырудан келген жалпы шығын көлемі 1,1 триллион теңгеден асады.

  • 17 Мамыр 2018
  • 43
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев интернет-конференция барысында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы 82 лауазымды тұлғаны іздестіріп жатыр. Олардың үштен екісі шетелде жүр. "Олар қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін, пара алғаны үшін, қылмыстық топтарды ұйымдастырғаны үшін, қаржы жымқырып, оны жаратқаны үшін іздестіріліп жатыр. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын көлемі 1,1 триллион теңгеден асады", — деді Алик Шпекбаев. Сондай-ақ, ол 2017 жылы 38 тұлғаның ұсталғанын айтып өтті. Айтуынша, 12-сі шетелде ұсталған. Олардың төртеуі Венгрия, Түркия және Ресей Федерациясынан экстрадицияланған, қалған сегізі енді экстрадицияланады.

Оқи отырыңыз:

Баян Алагөзова жаңа фильмге ұзын бойлы, сымбатты жігіт пен сұлу қыз іздеп жатыр

Қазақстанға турист әкелетін екі бағдарлама бар: Димаштың концерті мен біздің шоуымыз – Денис Тен

Бүгін қасиетті Рамазан айы басталды