"Шығыс" аймақтық қолбасшылығына ҚР бас әскери инспекциясының комиссиясы келді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шығыс" аймақтық қолбасшылығына ҚР бас әскери инспекциясының комиссиясы келді

"Шығыс" аймақтық қолбасшылығына ҚР бас әскери инспекциясының комиссиясы келді

"Шығыс" аймақтық қолбасшылығына ҚР бас әскери инспекциясының тексеру комиссиясы келді. Бұл туралы "Шығыс" аймақтық командованиесінің қолбасшысы Болат Жаңасаев құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Семейден.

  • 15 Шiлде 2004
  • 403
Фото - Caravan.kz

«Шығыс» аймақтық қолбасшылығының әскерлерін жоспарлы тексеру қорғаныс министрлігінің бұйрығымен өткізілуде. Комиссия құрамына министрлік өкілдері де енген. Топты бас әскери инспекциясының бастығы Сабыр Темірбеков басқарады.

Б.Жаңасаевтың айтуынша, ҚР Қарулы Күштерінің аймақтық командованиелерін тексеру алғаш рет жүзеге асырылуда. Әскерилер өздерінің жауынгерлік дайындығын паш етуі тиіс. Инспекциядан кейін комиссия ҚР қорғаныс министрінің атына қолбасшылықтағы жағдай туралы баяндама дайындайды, деді С.Темірбеков.
Комиссия Семейде үш апта болмақ. Инспекторлар 10 әскери бөлімшенің жұмысымен танысып, Аягөз бен Үшаралдағы әскери бөлімшелерге барады.

Перейти к новостям спорта