Шығыс Еуропаның үздік боксшылары рейтингісінде Головкин Кличкодан кейінгі екінші орынға жайғасты - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Еуропаның үздік боксшылары рейтингісінде Головкин Кличкодан кейінгі екінші орынға жайғасты

Шығыс Еуропаның үздік боксшылары рейтингісінде Головкин Кличкодан кейінгі екінші орынға жайғасты

WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Шығыс Еуропаның 10 үздік былғары қолғап шебері рейтингісінде екінші орында тұғырланды.

  • 28 Наурыз 2014
  • 406
Фото - Caravan.kz

Бұл рейтінгті америкалық «Bleacher Report» спорт порталы құрды, деп жазады Vesti.kz.
Кәсіпқой рингте Г. Головкин 29 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жетті және оның 26-сын нокаутпен аяқтады. Қазақстандық спортшы әлемнің қазіргі кездегі барлық чемпиондары арасында үздік нокаутшы болып танылды.

Аталған рейтингте бірінші орынды WBA, WBO, IBF және IBO  нұсқалары бойынша ауыр салмақтағы әлем чемпионы украиндық Владимир Кличко иеленді. Сонымен қатар тізімдегі үштікке WBO нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақтағы  әлем чемпионы ресейлік Сергей Кобалев енді.


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера