М.Жәкішевтің хабарлауынша, кен орнын жаңарту барысында құрылыс салу мерзімін ұзартуға шешім қабылданды. «Біз бұл нысанды пайдалануға беру мерзімін ұзартып, оны межелі мерзімде өткермейтін болдық. Бірақ біз қазіргі таңда бұл салада пайда болған барлық жаңалықтар мен озық дүниелерді іске қосатын боламыз»,- деді М.Жәкішев.
Кен орнындағы уран өндіру мөлшері 2007-жылы 1 мың тоннаға жетеді деп күтілуде.
Шығыс Мыңқұдық кенішіндегі ПВ-19 уран кен орнының жаңа өнеркәсіптік нысанының құрылысы 2003-жылдың қыркүйегінде басталған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті