Шығыс Қазақстан әкімдігі мен Қазақстандағы АЕS компаниялар тобы Әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан әкімдігі мен Қазақстандағы АЕS компаниялар тобы Әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумға қол қойды

Шығыс Қазақстан әкімдігі мен Қазақстандағы АЕS компаниялар тобы Әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумға қол қойды

Шығыс Қазақстан әкімі Бердібек Сапарбаев пен Қазақстандағы АЕS компаниялар тобының вице-президенті Майкл Глени Джонаган бүгін Әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандумға қол қойды.

  • 12 Шiлде 2011
  • 464
Фото - Caravan.kz

Қол қойылған құжатқа сәйкес, АЕS компаниясы облыстың әлеуметтік жобаларына 1 200 000 доллар салатын болды. Негізгі жобалардың қатарында — Семейде балабақша ғимаратын сатып алу, оны қайта жаңарту және пайдалануға беру, сондай-ақ облыстың балалар үйлеріне қолдау көрсету жобалары бар.

Меморандум 2011-2012 жылдарға жасалып отыр. АЕS компаниялар тобы мен Шығыс Қазақстанның атқарушы өкіметі бұған дейін де бірлескен әлеуметтік жобалар жүзеге асырған болатын, атап айтқанда Өскеменде Күйік жарақаты орталығы ашылды, Шығыс Қазақстанның ауруханалары арнайы көліктермен жарақталды.

Соңғы жаңалықтар