Шығыс Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері Өскемендегі бір банкоматтан ақша ұрлауға әрекет жасаған РФ азаматтарын ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері Өскемендегі бір банкоматтан ақша ұрлауға әрекет жасаған РФ азаматтарын ұстады

Шығыс Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері Өскемендегі бір банкоматтан ақша ұрлауға әрекет жасаған РФ азаматтарын ұстады

Алматы. 16 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облыстық ІІД қызметкерлері Өскемендегі бір банкоматтан ақша ұрлауға әрекет жасаған РФ азаматтарын ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ШҚО ІІД-нің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 16 Қазан 2008
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Полицейлерге көршілес Ресейдің бір өңірінен келген алаяқтар қалада әрекет етіп жүр деген ақпарат келген. Шұғыл-іздестіру шараларының барысында 2008 жылдың 11 қазанында ШҚО ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Өскемендегі бір банкоматтан ақша ұрлауға әрекет жасаған РФ азаматтарын ұстады, олар Новосибирск қаласының тұрғындары», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ұсталған кезде олардан қолдан жасалған пластик карточкалар, $24 850 мен 700 000 теңге алынды.

«Олар жалдап алған Абай даңғылындағы пәтерден пластик карточкаларды оқитын және оларға магниттік код басатын аппарат табылып тәркіленді», -деп хабарлайды департамент.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің (ұйымдасқан топтың аса ірі көлемдегі алаяқтық әрекеті жөніндегі) 177-бабының 3 — тармағы, «б» тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, олар қамауға алынды. Оларды банктердің қауіпсіздік қызметтерінің қырағылығының арқасында ұстау мүмкін болған. Қазір банктерге келген нақты шығын көлемі анықталу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар