"Полицейлерге көршілес Ресейдің бір өңірінен келген алаяқтар қалада әрекет етіп жүр деген ақпарат келген. Шұғыл-іздестіру шараларының барысында 2008 жылдың 11 қазанында ШҚО ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері Өскемендегі бір банкоматтан ақша ұрлауға әрекет жасаған РФ азаматтарын ұстады, олар Новосибирск қаласының тұрғындары", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ұсталған кезде олардан қолдан жасалған пластик карточкалар, $24 850 мен 700 000 теңге алынды.
"Олар жалдап алған Абай даңғылындағы пәтерден пластик карточкаларды оқитын және оларға магниттік код басатын аппарат табылып тәркіленді", -деп хабарлайды департамент.
Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің (ұйымдасқан топтың аса ірі көлемдегі алаяқтық әрекеті жөніндегі) 177-бабының 3 - тармағы, "б" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, олар қамауға алынды. Оларды банктердің қауіпсіздік қызметтерінің қырағылығының арқасында ұстау мүмкін болған. Қазір банктерге келген нақты шығын көлемі анықталу үстінде.