Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпорындар 2003-жылдың 9 айында 129 млрд. теңгенің өнімін өндірді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпорындар 2003-жылдың 9 айында 129 млрд. теңгенің өнімін өндірді

Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпорындар 2003-жылдың 9 айында 129 млрд. теңгенің өнімін өндірді

Шығыс Қазақстан облыстық кәсіпорындар 2003-жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 129 млрд. 163 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл республикалық көлемнің 6,5%-ін құрайды.

  • 29 Қазан 2003
  • 411
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыс әкімнінің баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

2003-жылдың 9 айында өнім көлемі 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,7%-ке өсті. Облыс бойынша өндірілген өнімнің 46,7%-і облыс орталығы- Өскемен қаласының үлесінде. Облыстағы өнеркәсіп өнімінің 86,7%-тік басым бөлігі 50-ден көп адам жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың үлесінде.
Облыстың 19 аймағының 9-ында, атап айтсақ, Абай, Аягөз, Глубокое, Қотан-Қарағай, Жарма, Зайсан, Тарбағатай, Үржар аудандары мен Семей қаласында өнеркәсіп өнімінің мөлшері азаю ағымы байқалды.
Шығыс Қазақстан облыстық статистикалық басқармадан хабарлауынша, жалпы өнеркәсіп өнімінің 69,6%-ін иемденетін өңдеу өнеркәсібінде үстіміздегі жылдың 9 айында 89 млрд. 926 млн. теңгенің өнімі өндірілді.
Өнім мөлшерінің индексі 2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 0,3% кем.
Мұндай көрсеткішке ағаш және ағаш бұйымдар жасау көлемі 42%-ке, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі мен баспахана ісіндегі өнім мөлшері 23,5%-ке, химия өнеркәсібінің өнімі 12,6%-ке, металлургия өнеркәсібінің өнімі 9,9%-ке, электр және электрондық жабдықтар өндіру көлемі 8,3%-ке кемуіне тікелей байланысты болмақ.
Жалпы өнеркәсіп өнімінің 17%-ін иемденетін тау-кен өнеркәсібінде 2003-жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 21 млрд. 987 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен жылғы осы мерзімдегі деңгейден 6,4% артық. Мұндай көрсеткіш алтынды кеніштердегі өнім өндіру мөлшері 16,4%-ке, тас көмір өндіру мөлшерін 4,1%-ке, мыс концентратын өндіру мөлшерін 22,6%-ке, алтынды концентраттар өндіру мөлшерін 10,9%-ке, мырыш концентратын өндіру мөлшерін 8,7%-ке өсіру нәтижесінде мүмкін болды.
2002-жылдың осы мерзімімен салыстырғанда көлік жабдықтары өндірісіндегі көрсеткіш 20,7%-ке кеміді. 2002-жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда химия өнеркәсібіндегі өнім мөлшері 87,4%-ті құрады. Бұған плавик қышқылын өндіру мөлшері 30,3%-ке, тазалық құралдары мен ұнтақ сабын өндіру көлемі 25,6%-ке азаюы әсер етті.

Соңғы жаңалықтар