Шығыс Қазақстан облыстық кеден басқармасының қызметкерлері 1,5 миллион теңгенің экономикалық контрабандасының жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облыстық кеден басқармасының қызметкерлері 1,5 миллион теңгенің экономикалық контрабандасының жолын кесті

Шығыс Қазақстан облыстық кеден басқармасының қызметкерлері 1,5 миллион теңгенің экономикалық контрабандасының жолын кесті

Шығыс Қазақстан облыстық кеден басқармасының қызметкерлері 1,5 миллион теңгенің экономикалық контрабандасы мен есірткі тасымалының жолын кесті.

  • 6 Маусым 2003
  • 463
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық кеден басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәселен, «Семей» кеден бекеті «Ауыл» кедендік постының қызметкерлері жүргізген рейд барысында қарағай орманының шетінде кедендік шекарадан өтпек болған жерінен «Газель» автокөлігін айдаған Ресей Федерациясының азаматы ұсталды. Қытай аяқ киімдері толтырып тиелген бұл автокөлік Қазақстан арқылы Ресейге бет алған екен. Сарапшылардың есебі бойынша тауардың жалпы құны 1,5 миллион теңгені құрайды. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сонымен бірге «Железнодорожный» кедендік постының қызметкерлері кедендік тексеру барысында кеден қызметіндегі «Шелтон» атты иісшіл иттің көмегімен Қазақстандық бір азаматтың жейде ішінен орап алған белдігінің қалтасынан қара-жасыл түсті зат оралған қағаз бума тапты.
Сараптама нәтижесінде тәркіленген заттың 83 грамм есірткі заты- марихуана екені белгілі болды.
Қазір аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар