Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері экономикалық контрабандалық әрекетке тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері экономикалық контрабандалық әрекетке тосқауыл қойды

Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері экономикалық контрабандалық әрекетке тосқауыл қойды

Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері экономикалық контрабандалық әрекетке тосқауыл қойды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қазан 2003
  • 387
Фото - Caravan.kz

Мәселен, 2002-жылы Ресей аумағынан Қазақстанға тасымалданған тауарлар мен көліктерді декларациялау барысына тексеру жүргізгенде, еліміздің екі азаматы Новосібір қаласынан 11,5 млн. теңгеге бояу өнімдерін сатып алып, жүкті Ресейдің Алтай кедендік бекетінде рәсімдеген. Алайда бұл тауар Қазақстанда рәсімделмеген. Аталмыш дерек бойынша, ҚР қылмыстық кодексінің экономикалық контрабанда жөніндегі 209 бабы, 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

«Семей» кеденінің «Железнодорожный» бекетінің қызметкерлері «Ауыл» темір жол станциясында жолаушы отарбасының купесінде 10 сөмкеген салынған 2 млн. 87 мың теңгенің джинсы киімдерін тауып алды. Алматыдан Новосібірге бет алған жүктің қожайыны, Тараз қаласының тұрғыны бұл жүкті кедендік бақылаудан жасырып қалған. Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар