Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері экономикалық контрабанданың жолын кесті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері экономикалық контрабанданың жолын кесті

Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері экономикалық контрабанданың жолын кесті

Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының қызметкерлері экономикалық контрабанданың жолын кесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық кедендік басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 11 Қыркүйек 2003
  • 403
Фото - Caravan.kz

«Байтанат» кедендік бекетінің қызметкерлері жүргізген рейд барысында Ресей азаматы айдаған «КамАЗ» автокөлігі ұсталды. Әртүрлі тәтті-кәмпиттер тиелген бұл көлік кедендік бекетті айналып өтіп Барнаулдан Семейге бет алыпты. Сараптама қорытындысы бойынша, ұсталған тауардың кедендік құны 4 млн. 57 мың теңгені құрады.

Аталмыш дерек бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 209- бабы, 1-бөлімінде көрсетілген қылмыстық нышан бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ, Ресейден Қазақстан аумағына 2002-жылы әкелінген тауарлар мен көлік құралдарына декларация толтыру барысына тексеру жүргізгенде қазақстандық жеке кәсіпкердің Барнаул қаласында есік және терезе блоктары мен витраждар сатып алып, оны Ресейдің Алтай кедендік бекетінде рәсімдегені белгілі болды. Алайда, Қазақстан аумағына 1,2 млн. теңгенің тауары кедендік бақылауды айналып өтіп, контрабандалық жолмен енгізілген.
Аталмыш дерек бойынша ҚР азаматының үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Соңғы жаңалықтар