Шығыс Қазақстан облыстық кеденшілер заңсыз ауланған бағалы аң түрлерінің терісін шекарадан шығарып әкетуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облыстық кеденшілер заңсыз ауланған бағалы аң түрлерінің терісін шекарадан шығарып әкетуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

Шығыс Қазақстан облыстық кеденшілер заңсыз ауланған бағалы аң түрлерінің терісін шекарадан шығарып әкетуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

Шығыс Қазақстан облыстық "Ауыл" кеден бекетінің қызметкерлері бағалы аң түрлерінің терісін декларацияда көрсетпей, заңсыз алып өтуге жасалған әрекетті әшкереледі. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Семей " кеден бекетінің бастығы Қайрат Бекішев хабарлады.

  • 9 Наурыз 2004
  • 711
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Өскеменнен Новосибирск қаласына бет түзеген бағытты автобусты тексерген кеденшілер 20 дана бұлғын терісі мен 152 дана ақ тиін терісін тапты. Тауарды Горно-Алтайск қаласында тұратын 37 жастағы Ресей азаматы алып өтпек болған. Соңынан белгілі болғанындай, терілер заңсыз, лицензиясыз ауланған аңдардан алыныпты. Аталмыш дерек бойынша «тауарлар мен көлік құралдарын декларацияда жазып көрсетпеу немесе дұрыс жазбау» жөніндегі 429-бап, 1-тармақ бойынша, сондай-ақ, «аң аулау тәртібін өрескел бұзу (рұқсатсыз немесе аң аулауға тыйым салынған жерлерде, сондай-ақ, тыйым салынған құрал немесе тәсілмен аң аулау)» туралы 298-бап, 2-тармақ бойынша әкімшілік құқық бұзушылық дерегіне қатысты материалдар рәсімделді.

Қ.Бекішевтің айтуынша, аталмыш баптар бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 2 жылға дейін аң аулау құқығынан айыру жазасы жүктеледі. Сондай-ақ, ҚР үкіметінің «хайуанаттар әлемін пайдалану, орнын толықтыру және оларды қорғау туралы заң талаптарын бұзу салдарынан келген шығынның орнын толықтыру қаржысының мөлшері туралы » қаулысына сәйкес бір бұлғынды заңсыз аулағаны үшін салынатын айыппұл мөлшері 40 айлық есептік көрсеткішке, бір ақтиінді заңсыз аулау айыппұлы 5 айлық есептік көрсеткішке тең.

Соңғы жаңалықтар