Шығыс Қазақстан облыстық салық комитетіне мүлікті заңдастыру туралы бірде-бір өтініш келіп түспеген - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облыстық салық комитетіне мүлікті заңдастыру туралы бірде-бір өтініш келіп түспеген

Шығыс Қазақстан облыстық салық комитетіне мүлікті заңдастыру туралы бірде-бір өтініш келіп түспеген

ӨСКЕМЕН. 10-тамыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облыстық салық комитетіне мүлікті заңдастыру туралы бірде-бір өтініш келіп түспеген. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық салық комитеті төрағасының орынбасары Серікқазы Оразалиев баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 10 Тамыз 2006
  • 531
Фото - Caravan.kz



«Шығыс Қазақстандықтар өз мүлкін заңдастыруға асығар емес»,- деді С.Оразалиев. «Мүлікті заңдастыруға байланысты кешірім жасау туралы» ҚР заңы қабылданғаннан бері бір айдан асқанына қарамастан, Шығыс Қазақстан облысында осы құқықты пайдалануға ниет білдірген бір адам да табылмай отыр»,- деді ол.

Төраға орынбасарының пікірінше, бұл бірінші кезекте демалыс маусымына тұспа-тұс келуге, саяжайлар мен шаруа қожалықтарында түсім жиналып жатуға байланысты. Мүлікті заңдастыру науқанына атсалысу, бірінші кезекте, өтініш иелерінің өзіне пайдалы болуға тиіс, деді ол. «Әрине, бұл шарадан жергілікті бюджетке қосымша түсім түсетіні рас. Дейтұрғанмен, ең әуелі халықтың өзі мүлкін заңдастырудан мүдделі болуға тиіс. Шара растайтын құжаттарды талап етпей-ақ тегін жүргізілгелі отырған жоқ па»,- деді С.Оразалиев.

Оның айтуынша, облыста заңның басты ережелерін түсіндіру жұмыстары жалғаса береді. Қазір осыған сәйкес ауылдарда семинарлар мен тұрғындардың жиналыстары, ал қалаларда кәсіпкерлермен кездесулер өткізілуде.

Перейти к новостям спорта