Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жүргізілген шұғыл шаралар барысында қалалық ІІБ қылмыстық полициясының қызметкерлері 1996-жылдың шілде айынан бері хабар-ошарсыз кеткендер санатында жүрген екі кәсіпкердің өліміне қатысы бар үш күдіктіні ұстады.
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қылмыс құрбандары өздері берген қарызды қайтарып алуға әрекет жасаған. Алайда, қылмыскерлер несиеге ақша берген адамдардың қыршынын қиюға шешім қабылдапты. Кәсіпкерлерді олар қала сыртына шығарып алып өлтірген.